Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Португалия командасын 3:0 есебімен тізе бүктірсе, екінші кездесуінде Грекия құрамасымен 1:1 есебімен тең ойынады.

Ал топтық кезеңнің соңғы ойынын жерлестеріміз осы турнирдің бес дүркін жеңімпазы Румыния командасымен кездесті. Өкінішке қарай, осы жолы әуесқой футболшыларымыз азулы қарсыласынан 3:2 есебімен ұтылып қалды. Алайда жеңіліске қарамастан отандастрымыз жарыстың плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, әзірге Қазақстан құрамасының 1/8 финалдағы қарсыласы белгісіз.

Естеріңізге салайық, былтыр осы дүбірлі додада астаналық «Есіл» командасы ел намысын абыроймен қорғап, Еуропа чемпионы атанған еді.

ДереккөзProsports.kz