Димаш Құдайберген Қытайдың музыкалық жүлдесінің жеңімпазы атанды

Шараның ресми веб-сайтында дауыс беру 22 мамырдан 10 маусым күндері аралығында болып, жеңімпаздар есімі 13 маусым күні жарияланды.

Димаш бұл шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» және «Ең танымал жаңа әнші» номинацияларына ұсынылған болатын. Екі номинация бойынша Димаш 8 қытайлық танымал эстрада әншісімен бәсекелес болды.

Еске сала кетейік, Димаш Қытайдың «Singer 2017» ән байқауынан кейін, Қытайда «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі» жүлделерін жеңіп алды.

ДереккөзInform.kz