Жол полицейлеріне ала таяқтар қайтарылмайды

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі халық арасында қол қимылымен берілетін реттеушінің сигналдарының мағынасы туралы қосымша түсіндіру жұмысын жүргізіп, жол-патрульдік полициясының қызметкерлерімен жол жүрісін қолмен реттеу әдістерін жетілдіру бойынша сабақ өткізіп жатыр.

Жарық шағылыстыратын нысандық күртешелер мен қолғаптардың жаңа үлгілері бекітілді. Олар жоспарлы тәртіппен жол-патрульдік полициясының қызметкерлеріне үлестірілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық полицейлер ала таяқтан бас тартқан болатын. Барлық жиналған таяқшалар бүгінде сақтау қоймаларына жіберілді. Бұдан бұрын биылғы мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты жол-патрульдік қызметі қызметкерлеріне ала таяқтарды пайдалану жағдайы мен тәртібін қайта қарауға ұсыныс білдірген болатын.

Бұл ұсынысқа ҚР Парламентінің ресми сайтында «Жаңа енгізілімдер полицейлердің көлікті себепсіз тоқтату санын айтарлықтай  қысқартуға және жол жүрісіне қатысушылармен заңсыз байланыстар санын азайтуға мүмкіндік берді», — деп жауап қайтарылған.

ДереккөзInform.kz