«Қазақстан» арнасының жобалары қытайлық HunanTV арнасынан көрсетілетін болады

Екі корпорация арасындағы ынтымақтастық шеңберінде жаңа музыкалық жобаны бірлесіп шығару жоспарланып отыр. Маусым айынан бастап, техникалық — ұйымдастырушылық мәселелер бойынша қызмет топтары мен шығармашылық ұжымның құрамындағы продюсерлер, режиссерлер, операторлар өз жұмысына кірісетін болады.

Hunan теле-радио хабарларын тарату Корпорациясының Президенті Люй Хуаньбин: «Музыка мен телеарна екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайтады»,- деп айтты.

Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап, жыл сайынғы Халықаралық «Taklimakan Rally» жол талғамайтын мотоциклдер жарысының түсірілімі Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге аспақ.

2005 жылдан бастап «Taklimakan Rally» Қытайдағы ең беделді мотоциклдер жарысы болып саналады және 2012 жылы Халықаралық автомотоспорт федерациясының статусын алған. Бұл жоба қазақстандық контентті Қытай еліне кеңінен шығаруды және туризмді дамытуды көздейді.

«Аталған келісімдер отандық контентті шетелдік телевизиялық нарыққа шығару үшін бағытталған. «Hunan TV» телеарнасымен орнатылған ынтымақтастық «Қазақстан» РТРК АҚ аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді, — дейді Корпорация басқармасының төрағасы Ерлан Қарин.

 

ДереккөзBaq.kz