Қоғам белсенділері ЭКСПО көрмесі туралы не дейді?

Танымал журналист Дина Елгезек: «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын деген қазақпыз. Жаңа ғана «Орел и решка» бағдарламасының Қазақстанға арналған түсірілімін көріп отырып, Ақберен екеуміз бір суып, бір ысыдық. Мақтаса марқайдық, жамандаса балаша бұртидық. Қанымызды бір көтеріп, бір түсірткен ұлттық намыс қой. Айтпағым, ертең xалықаралық «ЭКСПО» көрмесі ресми түрде есік ашады. Көрегенді ұлт екенімізді танытатын шақ қой. Жақсы өткізейікші… Ел игілігіне жаратар, ұрпаққа ескерткіш болып қалар ғажап ғимараттардың салынғанына қуанбасам ренжімедім өз басым. Әйтпесе, дәл осы ақшамыз «Панамаларды» паналап кетер еді тағы бір жаққа…» — деп жазған.

Журналистің бұл сөзін ақын Ауыт Мұқибек те қостап, осы шараның шикіліксіз өтуі үшін «жаны қалмай» жүргенін жеткізді.

«А, Құдай, елімнің беделі биік болса екен, Халықаралық көрме абыроймен аман-сау өтсе екен деп, жанымыз қылпылдап жүрміз!»-дейді ақын.

Бяелгілі саясаттанушы Айдос Сарымның: «Үш айлық ЭКСПО үш күндей өтсін»-деген сөздерін желі қолданушылары жаппай қолдап жатыр.

Ал сіз «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы не ойлайсыз, қандай тілегіңіз бар?