Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесі салтанатты түрде ашылады

Бүгін кешкі сағат 19.00-де Әлемнің 20-ға жуық елінің басшылары мен үкімет мүшелері қатысатын ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу салтанаты болады. Қазақ елінің абройын асқақтатар көрмеге 100-ден астам мемлекеттің делегаттары қатысады.

ЭКСПО-2017

Іс-шара Мемлекет басшыларының Көрме орталық экспозициясы – Сфераның (Нұр Әлем) Қазақстан павильонына келуінен басталады. Олар Көрмені аралып, Қазақстан экспозицияларын тамашалайтын болады.

Әрі қарай Мемлекет басшылары Көрме аумағы мен қатысушы елдердің павильондарымен танысады.

ЭКСПО-2017 Көрмесінің Ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтеді және Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасатын болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып фейерверкті тамашалайды.

Салтанатты ашылу рәсімін барлық республикалық арналар тікелей эфирде көрсетеді.