Әлемнің 20 елі «Көкпар» чемпионатына қатысады

АҚШ көкпаршылары Қазақстанға тамыз айында келуді жоспарлап отыр. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында Қазақстандағы АҚШ елшілігінің пресс-атташесі Рэн Эльха айтты.

«ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде «Көкпардан» әлем чемпионаты өтеді. Ал АҚШ көкпаршылар құрамасы дайындыққа тамызда келеді. Ұлттық құрама Қырғызстанда өткен ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жасақталған болатын. Олар сонда алғаш рет көкпар ойнап, Қазақстан құрамасымен күш сынасқан. Ойыншыларға бұл ойын ұнап қалды. Сондықтан олар көкпар ойнауды одан әрі жалғастыратын болып шешті. Көкпаршы спортшылар — ковбойлар. Олар ат спортымен шұғылданады», — деді ол.

Сонымен қатар пресс-атташе америкалық спортшылардың көкпардан біраз тәжірибе жинақтағанын айтты.

«Біздің спортшылар Қырғызстанда көкпарды жергілікті аттармен ойнапты. Сондықтан олар қырғыз бен қазақ аттарымен қалай қозғалуды біледі. Ал АҚШ-тың аттары мұндай ойынға жарамайды. Менің ойымша, олар кантри бағытындағы музыканттармен келеді. Тамыз айында біз толық ақпаратты береміз», — деді ол.

Баспасөз мәслихатында Қазақстандағы АҚШ-тың төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол қалжыңдады.

«Біздің аттар бұл жерден қорқады. Себебі, олар сіздердің аттын етін жейтіндеріңізді біледі», — деді ол (күліп).

 

ДереккөзBaq.kz