ЭКСПО 2017 шығыны қанша?

Қаржы Министрі Бақыт Сұлтанов «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге жұмсалатын қаржы туралы айтты.

«2017-2019 жылдары «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін даярлау және жүргізуге 110,8 млрд теңге қарастырылды», — дейді министр.

Министрдің айтуынша, жобаға сәйкес, 2017 жылы халықаралық көрме бюросымен өзара ынтымақтастық шараларға, көрмені ұлттық және халықаралық мәдени, спорттық шараларда жарнамалауға 77 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Ал қалған сома көрме пайдалануға берілгеннен кейін жұмсалады.

«2018-2019 жылдарға жоспарланған 33,8 млрд теңге ЭКСПО нысандарын көрмеден кейін пайдалануға жұмсалады», — дейді Бақыт Сұлтанов.

ДереккөзBnews.kz