Басты бетЖаңалықтарӘлібек Темірбеков...

Әлібек Темірбеков Конституциялық кеңестің мүшесі қызметіне тағайындады

«Өздеріңіз жақсы білесіздер,  ҚР Конституциясының 57 бабының 1 тармақшасына сәйкес, Парламенттің әр палатасы ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесін қызметке тағайындайды және мүшелерді палата төрағасы ұсынады. Осыған байланысты Әлібек  Ақылбекұлы Темірбековтің кандидатурасын тағайындау үшін ұсынып отырмын»,-деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Палата депутаттары Әлібек Темірбековтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Әлібек Ақылбекұлы Темірбеков 1960 жылы 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Жаңа Хайрузов ауылында дүниеге келген.

1988 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін және 1992 жылы аспирантурасын бітірген. 2006 жылы құқықтанушы, заң ғылымдарының докторы атағын алған. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрестің теориялық проблемалары».

Сондай-ақ ол «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс құрамының субъективті белгілері» көмекші оқу құралының (2003), «Жаһандану жағдайындағы құқықтық шынайылық және қылмыс (теориялық-криминологиялық аспект)» ғылыми басылымының (2004), «Жаһанданудың әлеуметтік мәніндегі қылмыс: теориялық-криминологиялық зерттеу» монографиясының (2005) және т.б. авторы.

 

ДереккөзInform.kz