Қазақстанда медициналық қызмет көрсету ақысы қымбаттаған

Биыл алғашқы үш айда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет ұйымдары қазақстандықтарға 263,3 млрд теңгенің қызметін көрсеткен, бұл алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға артық. Оның ішінде 80,3%-ы бюджет қаражаты есебінен, 13,8%  — тұрғындар есебінен және 5,9 % — кәсіпорындар есебінен жұмсалған.

Еліміздегі Астана, Алматы секілді екі ірі мегаполиске денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек қызметі салаларының барлық қызметтерінің  30%-ға жуығы ғана жұмсалады, алайда мұнда еліміздің небары 15% тұрғыны шоғырланған. Бұл екі қалада республикалық деңгейдегі медициналық орталықтардың көптігін білдіреді.

Қызмет бойынша ең жоғарғы орта чек те Астанада тіркелген. Онда адам басына 41,1 мың теңге (жылына +8%). Ал, Алматыда адам басына 25 мың теңгені көрсетті (жылына +2,4%).

Салыстырмалы түрде, Қазақстан бойынша орта есеппен денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек бойынша 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткіш адам басына шаққанда 14,8 мың теңге болды. Ол былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 1,9%-ға артқан.

ДереккөзInform.kz