Геннадий Головкин Қарағандыға келеді

Бұл туралы Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз хатшысы Жанар Өтешева Инстаграмда мәлімдеді.

«7 маусым күні Майқұдықта облыс әкімдігі атақты жерлесіміздің аты берлген спорт кешенінің ашылуы өтеді. Жаңа үшқабатты ғимаратта бассейн, мамандандырылған ауыр атлетика залы, мінбелері бар әмбебап спорт ойын залы және мамандандырылған бокс залы бар», — деп жазды ол.

Өтешеваның айтуынша, жаңа ДСК-да балалардың спортпен айналысуы тегін жүргізіледі.

«Оның ашылуы ғимараттың алдында өтеді, салтанатты шараны көргісі келетіндерге есік ашық. Спорт мектептерінің, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен жас чемпиондардың қатысуымен балалар мерекесі өтетінін айта кету керек. Қонақтарға концерттік және ойын-сауық бағдарламалары қойылады», — деп атап өтті ол.

Нақты уақыты қосымша хабарланады, деді Жанар Өтешева.

ДереккөзInform.kz