Оңтүстік Корея астанасы Сеулде «ЭКСПО-2017» көрмесінің тұсаукесері өтті. Ондағы туроператорларға павильондардың үлгілері, халықаралық көрменің белгілері – Қуат, Мөлдір және Сәуле үлгісі көрсетіліп, сыйлықтар тарту етілді.
Тұсаукесерге келген қонақтарға ЭКСПО-ға билет тегін үлестірілді. Сондай-ақ әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің көрме аясында өтетін жеке ән кешіне шақырылды.
Қазақстан туристік қауымдастығының басшысы Роза Асанбаеваның айтуынша, жыл сайын елімізде Оңтүстік Кореядан 22 мың саяхатшы қонақ болады.
Болжам бойынша, ЭКСПО-ға екі миллион адам келеді.