Димаш Құдайбергеннің концертіне 15 мың билет сатылып кетті

Есеп беру барысында министр «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде өтетін мәдени іс-шараларға қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты. Сондай-ақ, ол «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде өтетін Димаш Құдайбергеновтің концертіне 15 мың билеттің бірден өтіп кеткендігін қуанышпен хабарлады.

«Қазақ Ұлттық Өнер университетінің 3-курс студенті Димаш Құдайбергеновтің жеке концертіне тоқталайын. Концерт 30 мың орындық стадионда өтеді. Оның 15 мың билеті 2 аптаның ішінде сатылып кетті. Концертке әлі 1 ай уақыт бар. Ол 27-маусымда болады. Барлықтарыңызды шақырамыз. Қазір ол 3-курсты бітіріп, 4-курсқа өтті. Сондықтан бұл өте жоғары көрсеткіш. Қазақтың азаматы бірінші рет үлкен сахнада жоғары деңгейде шоу өткізгелі отыр», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Оған 2,5 млн қонақ келеді деп күтілуде. Маңызды көрменің ашылуына 12 күн қалды.

ДереккөзBaq.kz