5 маусымдағы ауа райына болжам

«Казгидрометтің» xабарлауынша, бүгін Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында түнде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз жаңбыр жауады.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының бірқатар жерлерінде 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.