Ресей Түркиядан келетін азық-түлікке шектеу қоймайтын болды

Ресей үкіметінің ресми сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, түріктің құрылыс компанияларына Ресейде жұмыс істеуге салынған тыйымды да алып тастаған.

Осы аптада Ресей президенті Владимир Путин Түркияға қатысты санкцияларды жартылай алып тастау жөнінде жарлыққа қол қойған. 3 мамырда Сочидегі Путин пен Түркия президенті Режеп Ердоғанның кездесуінде осындай шешімге келген.

2015 жылдың қараша айында Сирияда түрік әскері Ресейдің тікұшағын атып түсіргеннен кейін, екі ел арасындағы қарым-қатынас нашарлап, Ресей Түркияға экономикалық санкция салған.

ДереккөзCentralasian.org