Басты бет / Жаңалықтар /
жазғы терраса, кафе, мейрамхана, Абай даңғылы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Елдің солтүстігінде жаңбыр, оңтүстігінде аптап ыстық болады

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік өңірлерінде жаңбыр мен найзағай күтілсе, оңтүстік пен шығыста аптап ыстық сақталады.

Мамандардың айтуынша, солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады.

15–16 шілде күндері жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Сонымен қатар желдің күшеюіне байланысты дауылды құбылыстар болжанып отыр. Циклонның ықпалымен солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендеп, күндіз +25…+30 градус шамасында болады. Ал Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлерінде жауын-шашын күтілмейді. Өзбекстан аумағынан келетін құрғақ әрі ыстық ауа массаларының әсерінен аптап ыстық сақталады, — делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, күндіз оңтүстік облыстарда ауа температурасы +40…+45 градусқа дейін көтерілсе, шығыс өңірлерде +33…+38 градусқа дейін ысиды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok