Басты бет / Жаңалықтар /
Кесілген ағаш
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматыда кәсіпкер есігінің алдындағы ағашты кесемін деп басы дауға қалды

Алматының Алмалы ауданында ағаш кесуге байланысты тұрғын мен кәсіпкер арасында дау туындап, оқиғаға полиция араласты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, «102» арнасына Наурызбай батыр көшесінде орналасқан тұрғын үйдің тұрғыны мен коммерциялық нысан иесі арасындағы келіспеушілік туралы хабарлама түскен.

Дауға кәсіпкердің нысан алдында өсіп тұрған ағашты кесу әрекеті себеп болған. Оның айтуынша, ағаштың тамыр жүйесі ғимаратқа зиян келтіріп, жертөлені су басуына әкеліп отыр. Сонымен қатар кәсіпкер ағашты кесуге қажет рұқсат құжаттарын алғанын мәлімдеген. Алайда жергілікті тұрғын ағаштың заңды түрде кесіліп жатқанына күмән келтіріп, полицияға жүгінген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы барып, бастапқы материалдарды жинаған.

Қазір тексеру жүріп жатыр. Оның барысында барлық мән-жай жан-жақты зерделеніп, қажет құжаттар сұратылып, жағдайға құқықтық баға беріледі, – делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram