Басты бет / Жаңалықтар /
ұшақ, эйр астана, Air Astana, рейс
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктеріне орындалатын бірқатар рейсті уақытша тоқтатты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Компанияның мәліметінше, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы рейстері, сонымен қатар 14 шілдедегі KC205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері орындалмайды.

Әуе компаниясы 12–18 шілде аралығында және 31 шілдеге дейінгі кезеңге сатып алынған билеттер бойынша жолаушыларға толық қаражатты қайтарып алуға немесе рейс күнін қосымша ақысыз өзгертуге мүмкіндік беретінін хабарлап отыр.

Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстағы ахуалдың күрделенуіне байланысты Астанадан Дубайға бағыт алған Air Astana ұшағы қауіпсіздік мақсатында кері қайтарылған болатын. Аймақтағы жағдайға байланысты көптеген халықаралық әуе компаниялары да рейстер кестесіне өзгерістер енгізіп жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram