2026 жылғы қаңтар–мамыр айларында Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, балмұздақ өндірісі бойынша Алматы облысы көш бастап тұр. Өңірде бес ай ішінде 23,3 мың тонна өнім шығарылған. Бұл республикадағы жалпы өндіріс көлемінің 66,3 пайызы болады.
Балмұздақ өндіретін ірі өңірлердің қатарында Түркістан облысы (6 мың тонна), Алматы қаласы (1,3 мың тонна) және Ақмола облысы (1,1 мың тонна) бар.
Статистика бойынша, өндірілген өнімнің басым бөлігі — кілегейлі балмұздақ пен пломбир. Есепті кезеңде кілегейлі балмұздақтан 15,2 мың тонна, ал пломбирден 14,3 мың тонна өндірілген.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл екі өнім түрі елдегі жалпы балмұздақ өндірісінің 80 пайыздан астамы болады.
