Басты бет / Жаңалықтар /
күрес
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстанның балуандары Испанияда өткен халықаралық турнирден 24 медаль алды

Қазақстанның балуандары Испанияның астанасы Мадридте өткен халықаралық Гран-при турнирінен 24 медаль алды. Спортшылар еркін күрес пен грек-рим күресі бойынша бақ сынады. Отандастарымыздың жеңісі жастардың патриоттық рухын оятып, қуаныш сыйлары анық. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Еркін күрестен жеңімпаз болғандар

Бозкілемге шығып, еркін күрес бойынша сынға түскен үш спортшы ел қоржынына алтын медаль салды. Олар: 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Дәулет Әмірханов, 61 келіге дейінгі салмақтағы Нұрлыбек Базарбаев пен 70 келіге дейінгі салмақта белдескен Жанқожа Әбілтаев.

Ерасыл Мұхтарұлы, Мұхамед Балғабай, Ақбар Құрбанов пен Шерхан Әбіл қарсыластарынан айласын асырып, күміс медаль алды. Ал қола медаль еншілеген балуандар: Жанболат Қабиден, Талап Жолдасов, Арсен Қабден мен Наурыз Ахмедханов.

Грек-рим күресінен жүлде алған балуандар

Грек-рим күресінен қарсыластарын тізе бүктіріп, алтын жүлдені еншілеген балуандар — Едіге Төлеутаев (55 келіге дейін) пен Ілияс Дәуітов  (63 келіге дейін).

Белсесу алаңында бес балуанның бағы жанып, күміс медаль алды. Олар: Айбат Рахим, Жанболат Сапарбек, Досжан Өтепқалиев, Дінмұхамед Омаров пен Әлмір Төлебаев. Ал Омар Ахон, Шыңғыс Қайрат, Николай Хапко, Расул Жүніс, Санжар Сабитов пен Аянбек Ибраев қола медальға қол жеткізді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram