Үйіңізге бейнебақылау орнатудың құны қанша?

Бейнекамералардағы жазбаны үй иесі өзінің смартфонынан, компьютерінен бақылай алады. Ол үшін арнайы бағдарлама орнатылып, есеп жазбасы беріледі. Сондай-ақ, камерадағы жазбалар бір апта бойы серверде сақталып тұрады. Қызметтің ай сайынғы құны — 350 теңге.

Бұл қызметті Бас Прокуратура мен ұлттық байланыс операторлары бірігіп ұсынып отыр.

Жобаның мақсаты — ұрлықты азайту.

Айта кетейік, соңғы жылдары барлық жасалған қылмыстың 60 процентін ұрлық құрайды. Соңғы 5 жыл ішінде 70 млрд теңгенің мүлік ұрланып, олардың тек жартысының ғана құны өтелген.

ДереккөзKrisha.kz