Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Олжас Бектенов фермерлерді қолдау мәселесін көтерді

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар маңызды тапсырма берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Премьер-министрдің айтуынша, кейінгі жылдары өсімдік шаруашылығы тұрақты өсім көрсетіп келеді және ендігі міндет – осы қарқынды сақтап қалу.

Жалпы кейінгі жылдары өсімдік шаруашылығы орнықты өсім көрсетіп келеді, біздің міндетіміз – осы қарқынды сақтап қалу, – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы қаржыландыру рәсімдерін барынша жеңілдетіп, фермерлердің өтінімдерін жедел әрі ашық қарау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар ол шегіртке қаупіне ерекше назар аударып, зиянкестерге қарсы алдын алу және жедел әрекет ету шараларын күшейтуді тапсырды.

Шегірткенің таралу қаупін ескере отырып, ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірге жағдайға тұрақты мониториң жүргізіп, зиянкестерге қарсы профилактикалық және қорғаныс шараларын қабылдасын. Олардың таралу болжамдарын қайта қарап, шұғыл әрекет ету үшін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажет, – деді премьер-министр.

Бұдан бөлек, үкімет отырысында су тапшылығы мәселесі де көтерілді. Олжас Бектенов оңтүстік өңірлерді сумен тұрақты қамтамасыз ету және су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.