Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

ҰБТ сертификатын қолдан жасағандарға қылмыстық жауапкершілікке жүктеледі

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Не болды?

ҰБТ сертификатын қолдан жасағандарға қылмыстық жауапкершілікке жүктеледі. Заң бұзу әрекеті анықталса, шара қабылдау үшін іс құқық қорғау органдарына жолданады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметі бойынша, сертификаттың түпнұсқа екенін тексеру үшін QR кодына назар аудару қажет. ҰБТ сертификаты ресми құжат болғандықтан оны қолдан жасаған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ сертификаты app.testcenter.kz сайтында жеке кабинетте, certificate.testcenter.kz сайты мен eGov электронды үкімет порталында сақталады, — делінген хабарламада.

Тест тапсыру кезінде микроқұлаққап, жасырын камера мен өзге де арнайы техника құралын пайдалануға болмайды. ҰТО шынайы еңбек пен адалдық арқылы талапкерлердің табысты болатынын жеткізді.

Контекст

Естеріңізге салайық, биыл ЖОО-ға құжат қабылдау мен талапкерлерді іріктеу науқанында қандай өзгеріс болатынын жазған едік.

Мақалаға реакция