Алматыда ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды

1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда түрлі деректер бойынша үш миллионнан астам адам опат болған, ал 1931-1933 жылдары 1 миллион 700 мың адам қырылған. 1937-1938 жылдары 100 мыңнан астам қазақстандық репрессияға ұшыраған.

Аталмыш шараға репрессия мен ашаршылыққа ұшырағандардың ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, қала белсенділері мен жастар қатысты.

1931-1933 жылдардағы аштық құрбандарының ескерткіші «Қарағайлы» саябағындағы Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысына орналасқан. Қола мен граниттен жасалған, биіктігі 3 метр бұл ескерткішті сәулетшілер Қанат Бегулиев, Айдос Бүркітбаев және Дулат Үсенбаевтар жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы Жарлығы бойынша 31 мамыр “Репрессия құрбандарын еске алу күні” болып жарияланған еді.