«Қыз алып қашу – жабайы қылмыс»: Тоқаев қатыгездікке жол бермеуді талап етті

Ұлттық құрылтайдың V отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыз алып қашуды қоғамдағы ең ауыр әрі жабайы қылмыс деп атап өтті.

Мұндай қатыгездікке ешқашан жол беруге болмайды. Халықтың сана-сезімі жыл өткен сайын өсіп, азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де осы талаптарға сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп бәріне ортақ, – деді президент.

Ол әрбір азамат заң талабын бұлжытпай орындауға тиіс екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте кісі қолынан қаза болған 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бас прокуратураға тапсырма берді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да