Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанда зейнетке шығу шартын өзгерту ұсынылды

Иллюстрация: Сaravan.kz

Не болды?

Қазақстанда зейнетке шығу тәртібіне өзгеріс енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Ұсыныстың бірі бойынша азаматтардың зейнетке шығу құқығын анықтауда жас көрсеткішімен қатар еңбек өтілі де ескерілуі мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазір зейнетақы жүйесін жетілдіру бағытында арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдері жүйенің қаржылық тұрақтылығын арттырып, зейнеткерлердің табысын көбейту жолын қарастырып жатыр.

Талқы барысында зейнетақы төлемін азаматтың орташа табысы мен еңбек өтіліне қарай есептеп, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын бөлу тәртібін өзгерту ұсынылды.

Министрлік әзірге ешқандай түпкілікті шешім қабылданбағанын, барлық ұсыныстың қаржылық және әлеуметтік әсері жан-жақты сарапталғаннан кейін ғана нақты шешім шығатынын мәлімдеді.

2026 жылдың басынан бері базалық және ынтымақты зейнетақы көлемі 10% артты. Нәтижесінде базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 118%-ына дейін жетті. Ал 2027 жылы бұл көрсеткішті 120%-ға дейін көтеру көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарнасы да артып келеді. Биыл оның мөлшері қызметкер табысының 3,5%-ы болса, 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 5%-ға дейін өседі.

Контекст

Естеріңізге салайық, БЖЗҚ 20 жастағы азаматтың зейнетақы жинағына қатысты түсініктеме берді

Мақалаға реакция