Сот үкімі: Жанәбіловке – шартты жаза, Төлегеноваға – түрме

Астананың сотында блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова ісі бойынша үкім шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Істі қараған судья Әділбек Баймахановтың үкімі бойынша, Ерболат Жанабылов кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, екі жылға шартты түрде сотталды. Сонымен қатар ол пробациялық бақылауда болады.

Ал Эльмира Төлегенова екі жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда сот оның жазасын өтеуді екі жылға кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, 2026 жылғы 27 сәуірдегі отырыста мемлекеттік айыптаушы тарап сотталушылармен процестік келісімге келгенін мәлімдеді.

Еске салайық, Астананың мамандандырылған ауданаралық соты Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованы лицензиясыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын.

Тергеу органдары әлеуметтік желілер арқылы жиналған қаражатты заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған кіріс деп бағалап, оны заңдастыру белгілерін анықтаған.

Прокурор блогерлерді төрт жылға соттауды сұраған болатын.

Блогерлер үкім шығарылар алдында өз құқықтарын пайдаланып, прокурормен келісімге келу туралы өтініш жасады.