Не болды?
Астана полициясы 54 жастағы әйелдің үйінде есірткі өсіргенін анықтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Астана полиция департаментінің дерегі бойынша, әйел адам үйінде таро ашып отырып, шкафта есірткі өсірген. Тексеру барысында әйел адам өзін таролог ретінде таныстырып, әртүрлі рухани тәжірибелер мен таро карталары арқылы бал ашатынын айтқан. Әйел құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру үшін жатын бөлмедегі шкафты жабдықтап, оған жасанды жарық шамы мен қажет құралдарды орнатқан.
Тінту кезінде полиция қызметкерлері бірнеше түп марихуана бұтасын тәркіледі. Сонымен қатар медициналық сараптама бойынша әйел адам есірткіге масаң күйде болған. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Полиция құрамында есіртк бар өсімдіктерді заңсыз өсірген азаматтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін ескертті.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматы облысында есірткі өндірумен айналысқан жеті шетел азаматы 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
