«Жігіттер» тобының бұрынғы әншісі ​Бағлан Әбдірайымов жеке кәсібін ашты

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әншінің жаңалығын бөлісіп, оған жылы лебізін білдірді.

«Адамның артынан артық әңгіме айтпайтын, бос сөзді бойына жуытпайтын, екіжүзділіктен ада, атағына абыройы сай, азамат деген атына лайықты тірлікпен ғана жүретін парасатты Бағлан бауырымыз үлкен той орталығын ашып жатыр екен, Алла берекесін берсін! Оразадағы бастаманың игілігін көр!»-деп тілектестік ниетін жеткізді ол.

Орталықтың ашылу салтанаты жақын күндерге жоспарланған.

ДереккөзInform.kz