Басты бет / Жаңалықтар /
жол жөндеу, жұмысшы
Фото: Нұрназар Әмзе

Алматыдағы әл-Фараби көшесінде көлік қозғалысы уақытша тоқтайды

Не болды?

Алматыда газ құбырын жаңартуға байланысты әл-Фараби даңғылының кей бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Маусымда Медеу ауданы мен Бостандық ауданында орташа қысымды жерасты газ құбырын жаңарту жұмысы басталады.

Әл-Фараби көшесі, жөндеу
Фото: aimaq.kz

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Алматы өндірістік филиалы Луганский көшесінен әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Қаратаев көшесіне дейінгі 1154 метр аумақта жөндеу жұмысын жасайды.

Әл-Фараби көшесі, жөндеу
Фото: aimaq.kz

Жөндеу кезінде қозғалыс шектелетін аймақ:

  • Falcon City тұрғын үй кешенінің маңы;
  • Ritz Palace сауда орталығының қарсы беті;
  • Меңдіқұлов көшесі мен Назарбаев даңғылының арасы;
  • Померанцев және Қаратаев көшелерінің аралығы.
Әл-Фараби көшесі, жөндеу
Фото: aimaq.kz

Кәсіпорын жүргізушілер мен қала тұрғындарына жүру бағытын алдын ала жоспарлап, барынша басқа көшенің бойымен жүру керек екенін ескертті.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыда LRT мен SkyTrain салынады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok