Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Хоңкоң басшысы Қазақстанға 75 адамнан тұратын делегация алып келді

Фото: akorda.kz

Не болды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Хоңкоң арнаулы әкімшілік ауданы әкімшілігінің басшысы Жон Лимен кездесті. Президент кездесудің өте маңызды екенін айтып, Жон Лидің Қазақстанға алғаш рет келгенін жеткізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Кездесуде Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып жатқанын айтты. Хоңкоңмен де сауда-экономикалық және инвестиция байланысын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Президент Хоңкоңды әлемдегі жетекші қаржы және бизнес орталықтың бірі деп атады. Қос тарапта инвестиция, инновация, технология, цифрландыру, жасанды интеллект, көлік және логистика саласында бірлескен жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік мол екенін айтты.

Мемлекет басшысы Хоңкоң делегациясының құрамында кәсіпкердің көп болуын жоғары бағалады. Жон Ли Қазақстан президентіне алғыс айтып, Хоңкоңның біздің елмен серіктестікті нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.

Лидің айтуынша, бұл шетелге жасаған сапарының ішіндегі ең ірі делегация. Құрамында логистика, жасыл энергетика, тау-кен өнеркәсібі, инновация, технология және білім беру саласын қамтитын 75 мемлекеттік қызметкер мен кәсіпкер бар.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстан мен Қытай автотасымалдың рұқсат бланкісін шектеусіз алмасуға келісті.