Басты бет / Жаңалықтар /
титан
Фото: Өскемен титан-магний комбинаты

87 млрд теңге: былтыр Қазақстан 12 мың тонна титан сатқан

Не болды?

Былтыр еліміздегі «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ 87 млрд теңгеге 12 мың тонна титан сатқан. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі титан комбинатының төрағасы Сильван Гелермен кездесіп, кәсіпорынның әлемдік титан нарығындағы үлесін талқылады. Былтыр «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ 87 млрд теңгеге 12 мың тонна титан өндіріп, сатқан. Биыл кәсіпорын титан өндірісін 7% арттыруды жоспарлап отыр.

Әлемдік титан нарығындағы Қазақстанның үлесі — 20%

Титан өнімдері аэроғарыш саласында, мұнай-химия және атом өнеркәсібінде, медицина мен кеме жасау өндірісінде қолданылады. Қазақстаннан шығатын титанның әлемдік аэроғарыш нарығындағы үлесі — 20%. Комбинат Boeing, Airbus, Safran, Rolls-Royce, TIMET, Howmet Aerospace, Dynamet, PCC мен POSCO сияқты жетекші халықаралық өнеркәсіп корпорацияларына титан жеткізеді.

Комбинат 2033 жылға дейінгі инвестициялық бағдарлама аясында 25 жоба дайындады. Бағдарлама құны — 255,5 млрд теңге. Жаңа жобалар энергияны тиімді пайдаланып, кәсіпорынның өндіріс қуатын арттыруға ықпал етеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, «Теңізшевройл» ЖШС Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіруді уақытша тоқтатқан еді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook