Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстандық студент Италияда теңізге батып, қайтыс болды

Фото: lada.kz

Не болды?

Қазақстандық студент Италияда теңізге батып, қайтыс болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Италияның Іl.vibonese.it басылымының мәліметінше, 9 маусымда Бриатико жағалауындағы жартастан суға батып кеткен ер адамның мәйіті табылған. Әзірге 20-30 жастағы еуропалық нәсілді ер адамның жеке дерегі анықталмады. Бастапқыда құтқарушылар ер адамның ұзын шашына қарап, әйел адам деп ойлаған. Ер адам мәйіті табылғанша, шамамен 15 сағат бұрын көз жұмған болуы мүмкін. Денесінде қару жарақаттарының ізі жоқ. Алайда жартасқа соғылып, жарақат алған. Марқұмның қалтасынан ұялы телефон табылды.

Марқұмның досы Дінмұхамед Мұхтаров Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында Италияда оқитың жас жігіттің, яғни досының теңізге батып кеткенін хабарлаған еді. Мәйітті Қазақстанға әкелу үшін марқұмның отбасы қаражат жинады. Тасымалдау шығыны — 8 мың еуро.

скрин
Фото: Threads скрині

Кейін Дінмұхамед Мұхтаров желідегі жазбасын өшіріп, қаражат жинау аяқталғанын мәлімдеді. Ол жиналған сома марқұмның отбасына берілгенін айтты.

Контекст

Естеріңізге салайық, Ақмола облысында 14 жастағы бала көкпардан соң қайтыс болған еді.

Мақалаға реакция