Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Жаңа бизнес идеяларға 3764 грант бөлінеді

ноутбук ASUS Expertbook

Не болды?

Әлеуметтік осал топтар мен кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 24 маусым мен 8 шілде аралығында мемлекеттік грантқа өтінім қабылданады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Business.enbek.kz порталындағы ережеге сәйкес, грант көлемі 400 АЕК немесе 1 730 000 теңге. Бұл қаржы қайтарымсыз түрде беріледі және әр азаматқа бір рет ұсынылады.

Байқауға жұмыссыз азаматтар мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне бір жылдан аспаған тұлғалар қатыса алады. Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдар, қандастар, өңіраралық қоныс аударушылар, әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған азаматтар мен олардың жұбайы немесе асыраушысынан айырылып, жәрдемақы алатындар үміткер болады. Қатысушыларға кейінгі үш жылда «Бастау Бизнес» жобасының кәсіпкерлік курсын оқығаны туралы сертификат керек.

Грант иегерлерін конкурс комиссиясы анықтайды. Бағалау кезінде бизнес-идеяның болашағы, қаржы көлемі мен жаңа жұмыс орнын ашу мүмкіндігі ескеріледі.

Байқауға өтінім беру үшін:

  • business.enbek.kz порталында тіркеліп;
  • арнайы мәліметті толтырып;
  • бизнес-жоспарды жүктеп;
  • құжаттарды электронды қолтаңба арқылы растау қажет.

Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 9 мың грант беріледі

Биыл алғашқы лекке Ақтөбе мен Қызылорда облысынан басқа өңірлерге 3 764 грант бөлінеді. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 9 мың грант беріледі. Грант қаражатын құрал-жабдық, техника, асырайтын мал мен құс, көшет, тұқым және басқа да өндіріске қажет заттарды сатып алуға, кәсіп жүргізуге арналған орынды жалға алуға жұмсауға болады. Алайда қаржыны жеке пайдаға жұмсауға тыйым салынады. Мысалы, несие төлеуге, тұрғын үй немесе жер сатып алуға, шетел валютасы мен бағалы қағаздар алуға, цифрлы активтерге инвестиция салуға және заңмен тыйым салынған қызмет түрлеріне жұмсауға болмайды.

Контекст

Естеріңізге салайық, жазда оқушылар мен студенттер жұмысқа орналаса алады.

Мақалаға реакция