Не болды?
Алматыда «Рубеж» стационарлық бекетінің бірінде полиция қызметкерлері суық қару тасымалдап, күдікке ілінген ер адамды тоқтатты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр
Мәлімет
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 45 жастағы ер адамның тізгінінде Mercedes автокөлігі болған. Көлікті тексеру барысында жүксалғыштан қару мен соған ұқсас бірнеше зат табылып, тәркіленді.
Тіркелген дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттардың нақты қандай мақсатта қолданылғаны және олардың шығу тегін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеуге көшті.
Контекст
Естеріңізге салайық, Ұлытауда жалған жүргізуші куәлігін жасауға қатысы бар күдікті ұсталды.
