Не болды?
Түркістан тұрғыны төмен пайызбен несие рәсімдеймін деп, алаяққа 2,5 миллион теңгеден астам қаражатын берген. Күдікті ретінде ұсталған азаматқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Polisia.kz мәліметінше, күдіктіні Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтап, қолға түсірген.
Ер адам өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Тергеу барысында алаяқтың әлеуметтік желі арқылы Түркістан қаласының тұрғынын төмен пайызбен несие рәсімдеуге болатынына сендіргені белгілі болды.
Жәбірленушінің сеніміне кірген күдікті түрлі сылтаумен 2,5 миллион теңгеден астам ақша алған. Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтап, оны Шымкент қаласында ұстады.
Тергеушілер ер адамның интернет арқылы жасалған тағы үш алаяқтық дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Жалпы шығын көлемі 7 миллион теңгеден асады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қызылордада үлкен мөлшерде табыс уәде еткен қаржы пирамидасы әшкереленді.
