Не болды?
Оқу-ағарту министрлігі ауыл-аймақтағы колледждердің материалдық-техникалық бағдарламасын жаңартып, оқытушылардың жалақысын арттыруды жоспарлар жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Мәжіліс депутаты Болат Керімбек оқу-ағарту министріне колледждегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қатысты сұрақ қойды. Ол жұмысшы мамандықтар бойынша оқуға түсетін жастардың аз екенін, колледждегі кәсіби оқутышылардың азаюын, студенттердің білімі мен жұмыс берушінің талабы арасындағы алшақтықты айтты.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың сөзіне қарағанда, жұмысшы мамандардың беделін арттырып, техникалық, кәсіби білімді дамыту үшін 2023-2027 жылдарға арналған үкімет қаулысы бекітілген. Қазір елімізде 763 колледж бар. Білім алушы студенттер саны — 556 мың, оның ішінде 393 мың студент мемлекеттік білім гранты бойынша оқиды.
Колледж оқытушыларының жалақысын көтеру мәселесін қаржы министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, шешеміз. Колледж студенттерінің 61%-ы 9-сыныптан кейін білім алып жатқан жастар. Сондай-ақ, қазір еліміздің барлық өңірінде мыңға жуық бейінді сынып ашылған. Бұл сыныптарда 31 мыңнан астам оқушы жұмысшы мамандықтарға ерте бейімделіп жатыр, — дейді министр.
Контекст
Естеріңізге салайық, 2026-2027 оқу жылында еліміздегі жоғары оқу орындарына су мамандықтары бойынша түсетін талапкерлерге 751 грант бөлінді.
