Не болды?
2026-2027 оқу жылында еліміздегі жоғары оқу орындарына су мамандықтары бойынша түсетін талапкерлерге 751 грант бөлінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, су мамандықтарына жалпы 751 білім гранты бөлінді.
Атап айтқанда:
- «Гидромелиорация» мамандығына — 100 грант;
- «Сумен жабдықтау және су бұру» мамандығына — 100 грант;
- «Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарын басқару» мамандығына — 215 грант;
- «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығына — 336 грант бөлінген. Оның ішінде 286 грант күндізгі оқу нысанына, 50 грант қысқартылған оқу бағдарламасына қарастырылған.
«Қазсушар» филиалдарында студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне ерекше көңіл бөлу қажет. Бос жұмыс орындары бар. Сондықтан жұмысты жүйелі ұйымдастыру қажет. Енді бізге бөлінген гранттың жеткілікті екенін анықтау керек. Алдағы бес жылға су саласындағы кадр санын айқындап, бұл мәселені ғылым және жоғары білім министрлігімен және жоғары оқу орындарымен бірлесіп анықтауымыз қажет», — дейді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Қазір Қазақстандағы жоғары оқу орындарында су саласы бойынша 2629 студент білім алып жатыр. Оның 2393-і бакалавриатта оқиды. Былтыр бірінші курсқа қабылданған студент — 1106. Сонымен қатар 126 адам магистратурада, 110 адам докторантурада білім алып жатыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, биыл жалпы 89 457 мемлекеттік грант бөлінген. Болашақта Қазақстанға болжам бойынша, 883 мыңнан астам маман қажет.
