Алматы қалалық полиция департаменті оқу-жаттығу барысында жарық-дыбыстық гранатаның мерзімінен бұрын жарылуына байланысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Бұған дейін журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында Алматы облысындағы оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, Алматы полиция департаментінің 15 қызметкері жарақат алғанын, олардың екеуінің жағдайы ауыр екенін хабарлаған болатын.
Алайда полиция департаменті бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеп отыр.
Жоспарлы оқу-жаттығу кезінде адам өміріне қауіп төндірмейтін қол жарық-дыбыстық гранатасының мерзімінен бұрын жарылуы орын алды. Техникалық сипаттағы оқиғаға жақын жерде болған бөлімше қызметкерлеріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Көптеген қызметкердің жарылғаны және олардың ауыр жағдайда екені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, – делінген хабарламада.
Полиция департаменті азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, расталмаған мәліметтерді таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталығы Қазақстан аумағында 5-30 маусым аралығында «Найза-Антитеррор-2026» республикалық антитеррорлық оқу-жаттығулары өтетінін хабарлаған еді.
