2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 18 зообақ жұмыс істейді, оның 11-і — жануарларды ұстап көруге мүмкіндік беретін мекеме. 2018 жылы елімізде 20 хайуанаттар бағы болған.

Ресейде биылдан бастап жануарларды ұстап көруге болатын мекемелердің жұмысына тыйым салынды. Қазақстанда осындай орындардың жұмысына және жабайы хайуандарды зообақтарға алуға тыйым енгізу мәселесі енді көтеріле бастады.

2019 жылы елімізде зообақтардың жалпы ауданы 100,3 гектар болды, бұл 2018 жылға қарағанда 1,2% көп. Бұл аумақтың 56,3 мың шаршы метрінде аң-құс пен балық түрлеріне арналған орындар бар.

Жануар

Хайуанаттар бағындағы ауданының көптігі жөнінен республика бойынша Шымкент алғашқы орында, Шымкент зообағының жануарларды асырауға арналған ауданы — 21 мың шаршы метр. Алматыда екі зообақтың мұндай орындарының жалпы ауданы — 20,9 мың шаршы метр. Қарағанды облысындағы төрт хайуанаттар бағының жануарларды ұстауға арналған ауданы — 8,2 мың шаршы метр.

Жануар

Хайуанаттар бағындағы жануар түрлерінің саны бойынша Алматы алда: 383 түрлі жануар бар. Оның 75-і — сүтқоректі, 118-і — құс. Шымкент зообағы бұл жөнінен екінші орында: 266 түрлі жануардың 71-і — сүтқоректі, 89-ы — құс, 28-і — бауырымен жорғалаушы, үшеуі — қосмекенді, 70-і — балық, бесеуі — омыртқасыз.

Қарағанды облысындағы хайуанаттар бағында 257 жануар түрі бар, оның 78-і — сүтқоректі, 72-сі — құс, 30-ы — бауырымен жорғалаушы, тоғызы — қосмекенді, 58-і — балық, 10-ы — омыртқасыз.

Жануар

2019 жылы Қазақстан хайуанаттар бағындағы жануар түрлерінің жалпы саны 16,6 мың болды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5,2% аз.

 

Былтыр зообақтарға 1,7 миллион адам барған, тамашалаушылар саны бір жылда 2,6% артып отыр.

Жануар