Не болды?
Алматыда жол жөндеуге байланысты Жетісу көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Қала әкімдігінің мәліметінше, жөндеуге байланысты 9 маусым сағат 07:00-ден 10 маусым сағат 07:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Жетісу көшесіндегі №49 үйге дейінгі аралықта қозғалыс толық тоқтайды.
Жөндеу аумағында уақытша жол белгілері орнатылып, мердігер ұйымның байланыс дерегі көрсетілген ақпарат тақтасы қойылады. Осыған байланысты тұрғындар мен жүргізушілерге бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Қозғалысқа қатысты өзекті ақпаратты @AlmatyJoly Telegram-арнасынан, Алматы әкімдігінің ресми әлеуметтік желідегі парақшаларынан, сонымен қатар 2GIS пен «Яндекс карталар» сервисінен білуге болады.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Рысқұлов көшесінде автобус жолағы салынады.
