Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Енді фильмдер прокатқа шықпай тұрып қатаң тексерістен өтеді

Фото: Etoday.kz

Не болды?

Қазақстанда фильмді прокатқа шығармай тұрып сараптамадан өткізуге қатысты заң қабылданды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қабылданған құжатқа мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қол қойды. Жаңа ереже 12 маусымнан бастап күшіне енеді.

Енді заң бойынша, фильмнің құқық иесі прокат куәлігін алу үшін кинотеатрда көрсетілетін туындысын уәкілетті органға ұсынуы қажет. Сараптамада туындыда дәстүрлі емес сексуалды қатынасты, педофилияны, порнографияны, сонымен қатар қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын көріністің бар-жоғы тексеріледі.

Мемлекеттік органдар бұл шаралар сексуалдық бағдарға тыйым салмайды, тек насихаттауға жол бермейді деді.

Контекст

Естеріңізге салайық, биылдан бастап Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң бар.