Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі егіс науқаны аяқталды

Фото: Akorda.kz
Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Үкімет биылғы егіс жұмыстарын табысты өтті деп бағалап отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Үкіметтің мәліметінше, биыл еліміздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жалпы көлемі 23,8 миллион гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын еккен.

Егіс науқанын өткізу барысында шаруаларды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Осы мақсатта энергетика министрлігі отандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік мүмкіндіктерін ескере отырып, көктемгі дала жұмыстарына 402,3 мың тонна дизель отынын бөлген.

Үкімет фермерлер үшін жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар қолдау шараларын қабылдаған. Соның нәтижесінде операторлық шығындарды қоса есептегенде, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының соңғы бағасы литріне 281 теңге болып белгіленді.

Үкіметтің мәліметінше, бұл нарықтағы орташа бағадан 49 теңгеге арзан. Қазір нарықта дизель отынының бір литрі шамамен 330 теңгеден сатылып жатыр.

Билік өкілдерінің айтуынша, қабылданған шаралар көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы аяқтауға және шаруалардың шығындарын азайтуға мүмкіндік берген.