Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Шымкентте жасөспірім 12 метрлік құдыққа құлап кетті

Фото: istockphoto
Шымкентте құтқарушылар терең құдыққа құлап кеткен 14 жастағы жасөспірімді аман алып қалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім абайсызда тереңдігі шамамен 12 метр болатын бос құдыққа құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен құтқару операциясын жүргізіп, баланы құдықтан жоғары көтеріп шығарды. Нәтижесінде жасөспірім аман-есен жер бетіне шығарылды. Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін жасөспірім медициналық тексеруден өткізу және қажетті көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, — делінген хабарламада.

ТЖМ өкілдері тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырып, балаларды қараусыз қалдырмаудың маңызын еске салды. Сонымен қатар ашық құдықтар, люктер және басқа да қауіпті нысандардың маңында ерекше сақ болу қажеттігін атап өтті.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда азаматтарға 112 нөміріне хабарласу ұсынылады.