«Алматы Барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Чемпионның алтын белбеуі мен көлік кілтін Наурызбай ауданының палуаны Руслан Әбдіразақов жеңіп алды. Екінші орынды Бостандық ауданының өкілі Дәурен Нұралинов иеленді.

Екі спортшы да Астанада шілде айында өтетін «Қазақстан барысы — 2017» республикалық турнирінде Алматы қаласының атынан бәсекеге түсетін болады. 2016 жылы «Алматы барысының» жеңімпазы атанған Наурызбай ауданының спортшысы Виктор Демьяненко үшінші орында.

ДереккөзBnews.kz