Хабарландыруды қазақша жазбайтындар заңды бұзып отыр

«Жастардың көпшілігі көпқабатты үйде тұрады. Ондай үйлердің бәрінде лифт бар. Сол лифтілерде, кем дегенде, 30-50 xабарландыруды іледі. Жартысында қазақ тілі жоқ. Ал сол үйде тұратының 98 пайызы — қазақ, бірақ намысы жоқ, өзінің елін сүймейтін, тілін сүймейтін беймарал, бейқам қазақ. «Тіл туралы» заңның 19-21 бабы бойынша xабарландыру алдымен қазақша, сосын орысша жазылуы керек. Қайда қазақшасы?! Екі рет қоңырау шалып, ескерту жасауға болады! Үшінші рет сотқа бер! Сол сотта жеңесің», — дейді Асанғазы.

Осы орайда ол қала мейрамxаналарының қазақшасын да сынға алды. Себебі ас мәзірі де қазақ тілінде жазылмайды.

«Қашанға жүре береміз?! Целиноград кезінде он адамның екеуі қазақ болды. Дәл бүгінгі Астанада он адамның жетеуі — қазақ. Мектеп жасындағы он баланың сегізі — қазақ.  Елбасы өз мақаласында осы мәселені көтеріп отыр», — деп атап көрсетті Оразкүл Асанғазы.

Оның айтуынша, рухани жаңғыру үшін де ең бастысы, қазақ тілінде, мемлекеттік тілде сөйлейтін азаматтар көп болуы шарт.

Айта кетейік, дәл осы жиында жазушы Алдан Смайыл бұрынғы Ақмола  қаласында қазақ тілін дамыту жұмысы қалай басталғанын әңгімелеп берген еді.

ДереккөзInform.kz