Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қырғызстан алғаш рет БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мүшесі атанды

Фото: Bayrakkapida.com

Не болды?

Қырғызстан алғаш рет БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы бұл жетістіктің Қырғызстан үшін ғана емес, тұтас Орталық Азия үшін маңызды тарихи оқиға екенін айтты. Президенттің айтуынша, бұл халықаралық қауымдастықтың Қырғызстанның саясатына берген жоғары бағасы.

Тоқаев Қазақстан Қырғызстанның кандидатурасын алғаш күннен қолдағанын айтып, елдің БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі алдағы жұмысына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Қырғызстанның 2027–2028 жылдағы қызметіне табысты жұмыс тілеп, елдің халықаралық аренадағы беделі одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты негізгі орган. Сондықтан ұйымға мүше болу мемлекеттердің сыртқы саясаттағы маңызды жетістігі.

Контекст

Естеріңізге салайық, Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Кипр президентімен кездесті.