Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Найзағай, жел, аптап ыстық: 4 маусымға арналған ауа райы болжамы

Фото: Нұрназар Әмзе/Baribar.kz
4 маусымда Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстігі мен орталығында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, кей өңірлерде бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін. Ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда күндіз ауа температурасы 30–33 градусқа дейін көтеріледі.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +26…+28°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +21…+23°C.

Ақтөбеде бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +16…+18°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +24…+26°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +26…+28°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, кей уақытта аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +23…+25°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.

Қостанайда бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +21…+23°C.

Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +25…+27°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +30…+32°C.