Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының президенті Никос Христодулидисті сән-салтанатымен қарсы алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис алдымен бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды.
Еске салайық, Алматы мен Астанадан Кипрға тіке әуе рейсі ашылды.
