Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

BINOM мектебінің әкімшілігі оқушыларды қабылдауға қатысты түсініктеме берді

Фото: Нұрназар Әмзе

Не болды?

BINOM мектеп желісі 2026–2027 оқу жылына бірінші класқа оқушылар қабылданбай жатыр деген ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мектеп өкілдерінің мәліметінше, өтінім қабылдау жүрді, алайда қабылдау басталған мезетте орын толып қалған.

Сондықтан қазір орын қалмаған мектептерде резерв тізім ашылды. Ата-аналар баласын кезекке қоя алады. Мектепке қабылдау тұрғылықты мекенжай бойынша жүзеге асқанымен, орын тапшылығына байланысты барлық өтініш бірден қабылданбайды.

BI Group мәліметінше, әсіресе орыс класына сұраныс жоғары. Мектептегі кластың шамамен 20%-ы ғана орыс тілінде білім береді, сондықтан бұл бағыттағы орындар санаулы минутта толып қалады. BINOM мектебінің кез келген филиалы 4 мың оқушыны екі ауысымда оқытуға қарастырылған. Әр кластағы оқушы саны 25-тен аспайды.

Егер резерв тізіміндегі оқушыға орын босаса, ата-анасына хабарлама жолданады.

Контекст

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 1-класқа құжат қабылдау 27 мамыр күні сағат 09:00-де басталды. Биыл өтінімді  oqu.edu.kz платформасы арқылы онлайн беру қажет.